Accessibility links

Ефрейтор Пірәлиеваның соты басталды


Бұрынғы әскери қызметкер Шұғыла Пірәлиева. Алматы, 19 мамыр 2014 жыл.
Бұрынғы әскери қызметкер Шұғыла Пірәлиева. Алматы, 19 мамыр 2014 жыл.
Алматы гарнизоны әскери сотында ефрейтор Шұғыла Пірәлиеваның талабы бойынша басталған соттың кезекті (үшінші) процесі өтті. Ол «жұмыстан заңсыз шығарды» деген уәжбен сот арқылы қызметіне қайта тұруға тырысып жүр.

Алматы облысындағы Жетіген кентіндегі №65229 әскери бөлімнің жалдамалы қызметкері, ефрейтор Шұғыла Пірәлиеваны жұмыстан 2012 жылдың қарашасында шығарылған. Ол 2009 жасалған шарттың заңға қайшы болғанын айтады.

Бүгінгі сотта прокурор жауапкердің өкілі келмегендіктен сотты басқа күнде ауыстыруды өтінді. Талапкердің өкілі Бекетай Әлмұқанов жауапкердің шақырту алғанын, сотқа келмеуге нанымды себебі болмағанын айтып, прокурордың ұсынысына қарсы шықты. Судья Қанат Естай сотты 23 маусымға ауыстырды.

Ефрейтор Шұғыла Пірәлиеваның ісі бір рет жоғарғы сотқа дейін жеткен. Ол екінші рет апелляциялық сотқа шағымданған.

Қазақстан армиясында басшылық пен қарамағындағы қызметкерлердің арасындағы дау-жанжал жұртқа жария бола бермейді, ал сотқа дейін жететіні тіпті сирек кездеседі. Ресми дерекке қарағанда, Қазақстан қарулы күштерінде 8 мыңнан аса әйел қызмет етеді.
XS
SM
MD
LG