Accessibility links

Ирак АҚШ-тан содырларға әуеден соққы беруді сұрады


Ирак сыртқы істер министрі Хошияр Забери.

Ирак сыртқы істер министрі Хошияр Забери.

Ирак сыртқы істер министрі Хошияр Зебаридің айтуынша, Бағдад Вашингтоннан елдің біраз бөлігін басып алған исламшыл топтарға қарсы әуеден соққы беруді сұрады.

Сауд Арабиясында журналистер алдында сөйлеген Зебари бомбалау туралы өтініш екі жақтың қауіпсіздік туралы өзара келісіміне сай жасалғанын айтады. Ол бұған қоса қақтығыстарды тоқтатуға "тек әскери іс-қимылдың жеткіліксіз" екенін айтып, "радикалды саяси шешім қажетін" де білдірді.

"Ирак және Левант ислам мемлекеті" деп аталатын исламшыл радикалды ұйым содырлары өткен аптада Ирактың екінші ірі қаласы Мосулды, сондай-ақ Тикрит қаласын да өз бақылауына алған.

16 маусым күні АҚШ президенті Барак Обама Бағдадтағы АҚШ елшілігін қорғауға 275 әскери қызметкер жіберілетінін жариялаған.
XS
SM
MD
LG