Accessibility links

Адвокаттары Царнаевтың сотын Вашингтонда өткізуді сұрады


Бостонның федералдық сотындағы Джохар Царнаев бейнеленген картина.

Бостонның федералдық сотындағы Джохар Царнаев бейнеленген картина.

Өткен жылы Бостон марафонында болған жарылысқа күдікті Джохар Царнаевтың адвокаттары сот тыңдауларын Вашингтонда өткізуді сұрады.

Адвокаттардың мәлімдеуінше, марафонға қатысқан қала тұрғындары көп болғандықтан мұнда "әділ шешім шығаратын төрешілерді таңдап алу мүмкін емес". Олардың айтуына қарағанда, жүргізілген зерттеулер Вашингтонда "әділ алқа билер көп".

18 маусымда судья прокурорларға Царнаевтың АҚШ азаматтығын алғаны өлім жазасына кесілген жағдайда оған жаза орындалуы керек пе, жоқ па деген сұрақты шеше алмайды деген.

20 жастағы Джохар Царнаев - жарылысты ұйымдастырды деген күдікке ілінген ағайындылардың бірі. Жарылыстан үш адам қаза тауып, 260-тан астамы жараланған. Царнаевтың өзі айыбын мойындамайды. Айыбы дәлелденсе, ол өлім жазасына кесілуі мүмкін.
XS
SM
MD
LG