Accessibility links

Түркияның экс-президенті өмір бойына сотталды


Түркияның бұрынғы президенті Кенан Эврен.
Түркияның бұрынғы президенті Кенан Эврен.
Түркия ақпарат құралдары осы елдің бұрынғы президенті Кенан Эврен мен бұрынғы әскери әуе күштерінің қолбасшысы Тахсин Шахинкая 1980 жылы әскери төңкеріске қатысы бар деген айыппен өмір бойы түрме жазасына кесілгені туралы хабарлады.

96 жастағы Эврен мен 89 жастағы Шахинкая "мемлекетке қарсы қылмыс жасап, әскери төңкеріс ұйымдастырды" деп айыпталған.

Кенан Эврен мемлекеттік төңкерісті ұйымдастырған кезінде армия бас штабының басшысы болып тұрған. Төңкерісті ұйымдастырғандардан көзі тірі қалған осы Эврен мен Шахинкая. Эврен төңкерістен соң президент болып сайланып, Түркияда әскери билік орнаған.

Кенан Эврен мен Тахсин Шахинкая премьер-министр Режеп Тайып Ердоған 2010 жылы конституцияға оларды иммунитеттерінен айыратын түзетулер енгізген соң, 2012 жылы сотқа тартылды. Екеуі де денсаулықтарына байланысты сотқа қатысқан жоқ.
XS
SM
MD
LG