Accessibility links

Қазақстан парламенті сенаты депуттаттары 19 маусым күні "Қылмыстық жолмен түскен табыстың жымқырылуы, оны анықтау, тәркілеу туралы Конвенцияны ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер енгізу туралы" заң жобасын қабылдады.

Сенаттың халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, қылмыстық жолмен түскен табыстың жымқырылуы, оны анықтау, тәркілеу туралы Конвенция Страсбургте жасалған. Қазақстан конвенцияға 2011 жылы мамырда қосылған.

Конвенцияға қосылу қазақстандық құқық орындарына конвенцияға қосылған елдердің құзыретті органдарымен қылмыстық жолмен түскен табысты анықтау, айналымнан шығару, тәркілеуде ынтымақтастық орнатуға, қаржылық операциялардың ашықтығын бақылауға мүмкіндік беріп, коррупциямен күрестің тиімділігін арттырады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG