Accessibility links

Ақтауда TESCO жұмысшылары жалақы талап етті


Маңғыстау облысының аумақтық картасы.

Маңғыстау облысының аумақтық картасы.

Ақтауда қазақстандық "Tulpar Energy Services" (TESCO) компаниясының 40-қа жуық жұмысшысы бірнеше ай бойғы жалақыларын төлеуді талап етіп, компания кеңсесі алдында наразылық танытты.

Компания директоры Самат Есбергеновтің Азаттық тілшісіне айтуынша, кәсіпорын былтыр мамыр айында өткен тендерде Қашаған кенішін игеруші Agip компаниясының мердігері, австралиялық "WorleyParsons" компаниясына ғимараттар, құбыр эстакадалары мен құрылысқа қажетті конструкциялық материалдарды жеткізу қызметін ұтып алған.

Бірақ WorleyParsons көрсетілген қызмет үшін TESCO компаниясына тиісті ақшасын әлі аудармағандықтан кәсіпорын жұмысшыларына жалақы төлей алмай отыр дейді директор. Жалақы төлей алмаған соң компания 40 жұмысшыны жұмыстан шығарған. Олардың жалақысы үшін қарыз көлемі 9 миллион теңгені құрайды.

TESCO басшысы жұмысшыларға еңбекақыға қарыз ақшаны "өз қалтасынан төлеп жатқанын" және WorleyParsons компаниясынан төленбеген қаржыны өндіріп алуға күш салатынын айтқан.
XS
SM
MD
LG