Accessibility links

Луганск түбінде шайқас жүріп жатыр


Луганск облысының Красный Лиман қаласындағы ресейшіл сепаратистер.

Луганск облысының Красный Лиман қаласындағы ресейшіл сепаратистер.

Донецк облысының Красный Лиман ауданында украин әскерилері биліктің атысты тоқтату туралы талабын орындамаған ресейшіл сепаратистермен шайқасып жатыр.

"Ақпараттық қарсыласу" тобы жетекшісі Дмитрий Тымчуктың Facebook әлеуметтік желісіндегі парағында жазуынша, маусымның 19-ына қараған түні сепаратистер күші шоғырланған ауданда украин билігінің сепаратистерді қаруларын тастауға шақырған үнпарақтар таратылған. Үнпарақта кісі өліміне қатысы жоқ сепаратистердің бостандығы мен қауіпсіздігіне кепілдік берілетіні айтылған.

Тымчуктың сөзінше, сепаратистер ұсыныстан бас тартқан соң украин әскері "белсенді іс-қимылдарға" көшкен.

УНИАН агенттігі Донецк облыстық әкімшілігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап, 18 маусым күні белгісіз адамдар облыстың Амвросиевка ауданында ортақ пайдаланылатын көпірді жарып жібергені туралы хабарлады.
XS
SM
MD
LG