Accessibility links

Украинаның жаңа сыртқы істер министрі тағайындалды


Украина сыртқы істер министрі Павло Климкин.

Украина сыртқы істер министрі Павло Климкин.

Украина парламенті - Жоғарғы Рада президент Петр Порошенконың ұсынысымен Павло Климкинді сыртқы істер министрі етіп тағайындады. Климкинді қолдап 335 депутат дауыс берді. Жаңа министр Украина халқына адал болатыны туралы ант қабылдады.

Мұның алдында парламенттің 319 депутаты Андрей Дещицаны сыртқы істер министрі міндетін атқарудан босатуды қолдап, ал "Свобода" фракциясының 35 депутаты қарсы дауыс берген.

Парламент бұған қоса Виталий Яреманы Украинаның бас прокуроры етіп тағайындады. Депутаттар премьер-министр Арсений Яценюктің Яреманы вице-премьер қызметінен босату туралы ұсынысын қолдады.

18 маусым күні бас прокурор міндетін атқарушы Олег Махницкий президент жарлығымен қызметінен босатылған еді.
XS
SM
MD
LG