Accessibility links

Сенат капиталды заңдастыру жайлы заң жобасын мақұлдады


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Бүгін Қазақстан парламенті сенаты депутаттары "Қазақстан азаматтары, оралмандар мен Қазақстанда тұруға рұқсаты бар азаматтарға мүліктерін заңдастыруына байланысты рақымшылық жасау туралы" заң жобасын талқылап, мақұлдады.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұған дейін үкіметке заңды айналымнан шығарылған капиталға рақымшылық жасауға тапсырма берген.

Заң жобасы бойынша, рақымшылықпен жария етілетін капиталға ақша, бағалы қағаздар, заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы үлесі, құрылыс нысандары мен ғимараттар, басқа адамның атына рәсімделген және Қазақстаннан тысқары аумақтардағы жылжымайтын мүліктер жатады.

Бірақ қылмыстық әрекеттер, конституциялық құрылым мен мемлекеттік қауіпсіздікке қарсы қылмыстық жолмен, сыбайлас жемқорлық және басқа да мемлекет мүддесіне қайшы келетін әрекеттер арқылы алынған мүліктерге рақымшылық жасалмайды.

Бұған дейін заң жобасын парламент мәжілісінде таныстырған қаржы министрі Бақыт Сұлтанов жобада рақымшылықты 2014 жылдың 1 қыркүйегінен 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзімде жасау қарастырылғанын айтқан.

Бұған дейін Қазақстанда жасырын капиталға рақымшылық жасау процесі екі рет - 2001 жылы және 2006 жылы жүргізілген.
XS
SM
MD
LG