Accessibility links

Испанияның жаңа королі таққа отырды


Испанияның жаңа королі Алтыншы Филипп Мадридтегі король сарайында тұр. Испания, 19 маусым 2014 жыл.

Испанияның жаңа королі Алтыншы Филипп Мадридтегі король сарайында тұр. Испания, 19 маусым 2014 жыл.

Испания парламентінде 19 маусымда өткен рәсімде король Хуан Карлостің мұрагер ұлы Фелипе ресми түрде Испания королі деп жарияланды. Ол ресми түрде король Алтыншы Филипп деген атты иеленді. 46 жастағы жаңа монарх ант қабылдау рәсімінде отанына деген сүйіспеншілігін, Испанияның біртұтастығына сенетінін айтты.

Бұдан соң король Мадрид көшелерімен жүріп өтті. Елдегі экономикалық жағдайдың ауырлығына байланысты таққа отыру рәсімі сән-салтанатсыз, қарапайым түрде өткізілді.

76 жастағы Бірінші Хуан Карлос Испанияны 1975 жылдан бері басқарды. Ол әскерилердің мемлекеттік төңкеріс жасауына қарсылық танытып, елде демократиялық реформалар жүргізуге жағдай жасағаны үшін испандықтардың қолдауына ие болған еді.

Бірақ соңғы кездері король әулетінің мүшелері ұрынған коррупциялық дау-жанжал Испаниядағы монархияның беделіне едәуір нұқсан келтірді.
XS
SM
MD
LG