Accessibility links

Пәкістанда танымал әншіні атып кетті


Пәкістанның Пешавар қаласында танымал әйел әнші Гүл Назды атып кетті. Полиция өкілінің Азаттықтың Пәкістан қызметіне хабарлауынша, фанаттарына "Мускан" деген атпен танымал әншіні 18 маусымда белгісіз адамдар атып өлтірген.

Гүл Наздың туыстарының айтуына қарағанда, төрт адам әншінің үйіне басып кіріп, оған бес рет оқ атқан. Әнші дереу ауруханаға жеткізілгенімен, ұзамай көз жұмған.

38 жастағы Гүл Наз әндерін пушту тілінде орындайтын. Хайбер-Пахтунхва провинциясында әншілерге шабуыл жиі жасалады. Көпшілігі әншілердің шығармашылығы исламға қайшы келеді деп санайды.

2013 жылы маусымда 18 жастағы Бушру есімді актрисаға белгісіз біреулер ұйықтап жатқан кезінде бетіне қышқыл сұйықтық шашып кетіп, актриса күйіп қалған.

2012 жылы Пешаварда пуштун тілінде ән айтатын тағы бір әнші, 24 жастағы Газала Джаведті де атып кеткен.
XS
SM
MD
LG