Accessibility links

Украина шығысында шайқас жүріп жатыр


Красный Лиман қаласы маңында жүрген ресейшіл сепаратистер. Донецк облысы, 19 маусым 2014 жыл.

Красный Лиман қаласы маңында жүрген ресейшіл сепаратистер. Донецк облысы, 19 маусым 2014 жыл.

Украинаның шығысында үкімет әскері мен ресейшіл сепаратистер арасында тағы да ұрыс болып жатыр. Кейбір ақпараттарға қарағанда, соғыс Донецк облысының Красный Лиман және Ямполь қалаларында жүріп жатыр.

Reuters агенттігі Украина армиясындағы дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, ұрысқа 4 мыңға тарта сепаратист қатысып жатқанын хабарлады. Украина жағынан ұрысқа әскермен бірге жиырма танк пен ауыр артиллерия қосылған.

Сепаратистер жетекшісі Игорь Стрелковтың мәлімдеуінше, "көтерілісшілер ауыр шығынға ұшырап жатыр". Үкімет әскері тарапынан әзірге қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ.

Қақтығыстар 19 маусым күні, сепаратистер Украина президенті Петр Порошенко ұсынған бейбіт жоспар бойынша қаруларын тастау туралы талаптан бас тартқан соң басталған.

Порошенконың бейбіт жоспарында қақтығыстарды тоқтату және қаруларын тастаған жағдайда сепаратистерге рақымшылық жасау қарастырылған.
XS
SM
MD
LG