Accessibility links

AI БҰҰ-ны босқындар мәселесіне орай сынады


Түркиядағы сириялық босқындар тұрып жатқан лагерлер. (Көрнекі сурет).

Түркиядағы сириялық босқындар тұрып жатқан лагерлер. (Көрнекі сурет).

Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін "халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қолдау көрсете алмай отыр" деп сынады.

20 маусым - Халықаралық босқындар күні таратқан мәлімдемесінде ұйым Қауіпсіздік кеңесіне мүше елдерді "бейбіт тұрғындарды қорғауда барынша шешімді әрекет етуге" шақырады. Ұйым кеңестің Сириядағы, Ирактағы және басқа да елдерде жүріп жатқан қақтығыстарға "тиімсіз түрде реакция білдіруі немесе кешігіп жауап қатуы" зорлық-зомбылықтың кең таралып, сансыз адамның босқынға айналуына әкеп соқтырды деп санайды.

Amnesty International кеңестің тұрақты өкілдері Ресей мен Қытайды Сирияға қатысты "кез-келген нәтижелі әрекетке тосқауыл қояды, Сирияға көмек көрсетуде "сараңдық танытты" және "әлемдік босқындар мәселесін шешуге аз үлес қосып отыр" деп мәлімдеді.

"Керісінше, босқындар дағдарысының негізгі ауыртпалығын дамушы елдер көтеріп отыр. Олардың арасында босқындарды көп қабылдайтын Иран, Пәкістан сияқты елдер бар" делінген ұйым мәлімдемесінде.
XS
SM
MD
LG