Accessibility links

Мәскеуде Навальныйдың пәтерін тінтті


Ресейлік оппозиция жетекшісі Алексей Навальный.

Ресейлік оппозиция жетекшісі Алексей Навальный.

Мәскеуде 20 маусымда таңертең ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйдың пәтеріне тінту жүргізілді. Навальныйдың Facebook-тегі парақшасында тергеушілер оның әскери билетін, ескі чектер мен қаржылық есеп жазылған қағаздарын және бірнеше суреттерін алып кеткені жазылған.

Навальныйдың адвокаты Вадим Кобзев "Интерфакс" агенттігіне хабарлауынша, тергеушілер тінтуді "Оңшыл күштер партиясының" ісіне" қатысты құжаттарды іздеп жүргізгенін айтқан.

Оппозиционердің баспасөз хатшысы Анна Ведута "бүгінгі тінту Навальныйге қысым көрсетудің кезекті әдісі саналады" деп мәлімдеді. Адвокат "Таяуда сотта Навальныйге қарсы іске қосымша тергеу жүргізу қажет екендігі мойындалған. Бұл тінту құқық органдарының соған берген жауабы" дейді ол.

2012 жылы 24 желтоқсанда Ресейдің тергеу комитеті 2007 жылы Алексей Навальныйге тиесілі "Аллект" компаниясының "Оңшыл күштер одағы" партиясынан 100 миллион рубль қаржы жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған. Ол іс "Кировлес" компаниясындағы қаржы жымқыру туралы істен бөліп алынған.

"Оңшыл күштер партиясынан" қаржы жымқыру ісі бойынша партияның бұрынғы мүшелері Борис Немцов, Леонид Гозман, Никита Белых және Мария Гайдар тергелген.
XS
SM
MD
LG