Accessibility links

Бағдадта қарулы шииттер парад өткізді


Мұсылман шииттер жұма намазында отыр. Садр-сити, Бағдад, 20 маусым 2014 жыл.

Мұсылман шииттер жұма намазында отыр. Садр-сити, Бағдад, 20 маусым 2014 жыл.

Иракта шииттердің радикал жетекшісі Муқтада әс-Садрды қолдайтын мыңдаған адам бүгін Бағдад қаласында қару асынып парадқа шықты. Шииттер тұратын Садр-сити ауданымен сап түзеп жүріп өткендердің қолында автоматтар мен гранатометтер болған.

Әс-Садр жақтаушылары бұл қарулы шеруді елдің солтүстігінде бірқатар елдімекендерді басып алған «Ирак пен Левант ислам мемлекеті» (ИЛИМ) радикалды сүниттер тобының белсенділігі артып отырған кезде өткізіп отыр.

Бүгін таңертең ИЛИМ бүлікшілері Ирак пен Сирия арасындағы шекаралық өткелді басып алғаны туралы хабар тараған еді.
XS
SM
MD
LG