Accessibility links

Оңтүстік Корея Түркіменстанда газ өңдеу зауыттарын салмақ


Түркіменстанда газ тасмалдап бара жатқан жүк автокөлігі. (Көрнекі сурет)

Түркіменстанда газ тасмалдап бара жатқан жүк автокөлігі. (Көрнекі сурет)

Оңтүстік Корея Түркіменстанға газ өңдеу зауыттарын салып береді. Бұл туралы екі елдің өкілдері құны 4 миллиард долларлық келісімге Ашғабатта қол қойды. Қол қою рәсіміне Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хе және Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов қатысты.

Қол қойылған құжаттар арасында «Түркіменгаз» мемлекеттік газ компаниясы мен оңтүстіккореялық LG және Hyundai компаниялары арасында жасалған алдын ала келісім де бар. Онда кореялық қос компания Түркіменстанда газ өңдеу кәсіпорындары құрылысын салатыны айтылған.

Түркіменстанға алғаш рет сапармен келген Пак Кын Хе ханым екі елдің экономикалық тұрғыдан бір бірін толықтырып тұратынын айтқан.

«Сіздерде энергия ресурстары бар, ал біздің экономикалық даму және жоғары технологиялардан тәжірибе жинақтағанбыз» деді ол.

Президент Бердімұхаммедов қазіргі уақытта Түркіменстанда жалпы құны 5,5 миллиард долларды құрайтын тоғыз жобаны игеріп жатқан оңтүстіккореялық компаниялар барын мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG