Accessibility links

Ресей кенет әскери жаттығулар бастады


Ресей әскери ұшағы. (Көрнекі сурет)

Ресей әскери ұшағы. (Көрнекі сурет)

Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу бүгін сағат 11-де Ресей президенті әрі бас қолбасшысы Владимир Путиннің шешімі бойынша Орталық әскери округтің әскери құрамының дайындығын тексеру үшін кенеттен жаттығулар басталғаны туралы хабарлады.

Иваново қаласынан Челябинск облысына жеткізілген Ресей әскери-әуе күштері 98-дивизиясы жергілікті полигонда ұшақтан секіреді. Әскери жаттығулар бір апта бойы, маусымның 28-іне дейін жалғаспақ.

Жаттығуларға 68 мың сарбаз, 180 ұшақ пен 60 тікұшақ қатысып жатқаны хабарланды.

Кеше, 20 маусым күні Ресей қарулы күштері бас штабы Орталық әскери окургіне кенет тексеру бастаған еді.
XS
SM
MD
LG