Accessibility links

Иракта содырлар тағы бірнеше қаланы алды


Шиит жасақтарының шеруі. Ирак, 21 маусым 2014 жыл.
Шиит жасақтарының шеруі. Ирак, 21 маусым 2014 жыл.
Өздерін сүннит санайтын "Ирак және Левант ислам мемлекеті" ұйымының содырлары Ирактың Анбар провинциясындағы Рава, Ана, Эль-Кайм қалаларын басып алды. Сонымен қатар ұйым жауынгерлері бірінші рет Сирия шекарасын бұзды. Содырлардың "Әл-Қаида" террорлық ұйымымен байланысы бар екені айтылады.

Мұның алдында, 10-11 маусым күндері осы ұйымның содырлары Ирактың Тикрит және Мосул қалаларын басып алған еді.

Ирактағы қазіргі қақтығыстарды кейбір сарапшылар сүннит және шиит мұсылмандарының қақтығысы ретінде сипаттайды.

21 маусым күні Ирак астанасы Бағдат қаласында "сүннит содырларға" қарсы аттанғалы жатқан шиит жасақтарының шеруі өтті.
XS
SM
MD
LG