Accessibility links

"Талибан" НАТО базасына шабуыл жасады


Ауғанстанда жүрген қарулы содыр. (Көрнекі сурет)

Ауғанстанда жүрген қарулы содыр. (Көрнекі сурет)

"Талибан" содырлары Ауғанстанның шығысындағы НАТО әуе базасына шабуыл жасады.

Ауған шенеуніктері 21 маусым күні "Талибан" содырларының НАТО әуе базасына бірнеше зымыран атқанын" хабарлады. Олар Ауғанстанның Нангархар провинциясының орталығы Жалал-Абад қаласындағы әуежайды атқылаған. Адам шығыны мен қираған ғимараттар туралы ақпарат жоқ. Ал "Талибан" әуежайда "сегіз жарылыс жасадық" деп мәлімдеді.

Билік мәліметтеріне қарағанда, бір немесе екі зымыран әуежай қасында жарылған.
XS
SM
MD
LG