Accessibility links

Түрмеден шыққан белсенді Минскіге келді


Алесь Беляцкийді (ортада) вокзалдан жақтастары күтіп алған сәт. Минск, 21 маусым 2014 жыл.

Алесь Беляцкийді (ортада) вокзалдан жақтастары күтіп алған сәт. Минск, 21 маусым 2014 жыл.

Азаттықтың Беларусь қызметі түрмеден шыққан құқық қорғаушы Алесь Беляцкийдің ел астанасы Минскіге келгенін хабарлады. Оны 21 маусым күні вокзалдан әйелі Наталья Пинчук пен бір топ қолдаушылары күтіп алды.

Беляцкий журналистерге рақымшылыққа ілінгенін айтты. Беляцкий - Белорусьтегі "Вясна" құқық қорғаушы ұйымының жетекшісі. Ол 2011 жылдың қарашасында төрт жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Оған "салықтан жалтарды" деген айып тағылған болатын. Іс қозғауға Беляцкийдің адам құқықтарын қорғайтын ұйымын шетелдік донорлар көмегімен қаржыландыру үшін Литва мен Польшадан есеп-шот ашуы себеп болған. Беляцкий өзін кінәлі санамайды, жақтастары да оған қарсы қозғалған істің саяси астары бар деп біледі.
XS
SM
MD
LG