Accessibility links

Иракта содырлар тағы бірнеше қаланы алды


"Ирак және Левант ислам мемлекеті" радикалдық ұйым жасағымен шайқасып жатқан Ирак әскері. Рамади, Ирак, 19 маусым 2014 жыл.

"Ирак және Левант ислам мемлекеті" радикалдық ұйым жасағымен шайқасып жатқан Ирак әскері. Рамади, Ирак, 19 маусым 2014 жыл.

Өздерін сүннитпіз дейтін "Ирак және Левант ислам мемлекеті" (ИЛИМ) радикалдық ұйым содырлары Ирактың батысында бірнеше қаланы және Сириямен шекарадағы бір бақылау-өткізу бекетін бақылауына алды.

Қарулы бүлікшілер Анбар провинциясының Хадитха қаласына бет алды. Бұл қалада Ирактағы үлкендігі жағынан екінші жылу электр станциясы орналасқан. 22 маусым күні станциядағы плотиналардың маңына үкімет әскері орналастырылды.

Кейбір ақпараттарға қарағанда, радикалдық ұйым мүшелері Ирактың батысындағы Иордания және Сириямен шекарасына апаратын магистраль бойындағы Рутба қаласына да кіріп, Сириямен шекарадағы Әл-Уалид бақылау-өткізу бекетін басып алған.

21 маусым күні ИЛИМ бүлікшілері Равах, Ана қалалары мен шекарадағы Әл-Каим бекетін бақылауына алған.
XS
SM
MD
LG