Accessibility links

БҰҰ ауған президенті сайлауына қатысты үндеу жасады


Ауғанстан президенттігіне кандидат Абдулла Абдулла. Кабул, 19 маусым 2014 жыл.

Ауғанстан президенттігіне кандидат Абдулла Абдулла. Кабул, 19 маусым 2014 жыл.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Ауғанстан президенттігіне кандидаттарды "жақтастарын бақылауына алатын шаралар қабылдауға" шақырды. БҰҰ кандидаттарды өз жақтастарының сайлауда заң бұзушылықтар болғанына байланысты әлеуметтік желіні алауыздық пен өшпенділік тудыратын мәлімдемелер жасау үшін пайдаланбауын қадағалауға үндеді.

БҰҰ Ауғанстандағы миссиясының басшысы Ян Кубиш бірқатар әлеуметтік желілерде "этникалық бөлінушілікке" бастайтын және 1990 жылдардағы мыңдаған адамды құрбан еткен фракциялық қақтығыстарды еске түсіретін қатерлі үндеулер жариялана бастағанын мәлімдеді.

Тәжік диаспорасының өкілі, Ауғанстан президенттігіне кандидат, елдің бұрынғы сыртқы істер министрі Абдулла Абдулла 14 маусым күні өткен сайлаудың екінші кезеңінде сайлау комиссиясын дауыс беру нәтижелерін бұрмалады деп айыптаған еді. Содан бері оның жақтастары наразылық акцияларын өткізіп келеді.

"Талибанға" қарсы Абдулла Абдуллаға бұл сайлауда Ауғанстанның бұрынғы қаржы министрі, ұлты пуштун Ашраф Гани бәсекелес.
XS
SM
MD
LG