Accessibility links

Израиль АҚШ-ты Иранмен ынтымақтаспауға шақырды


Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху.
Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху.
Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху АҚШ-ты Иракта тұрақтылық орнатуға көмектесу ісінде Иранмен ынтымақтаспауға шақырды.

22 маусым күні NBC телеарнасында сөйлеген Нетаньяху АҚШ Иран мен Ирактың бірнеше қаласын алып, Бағдадқа қарай бет алған "Ирак және Левант ислам мемлекеті" ұйымын "бірдей әлсіретуі тиіс" деді.

АҚШ президенті Барак Обама "егер Иран АҚШ-тың Ирактағы барлық тараптардың бірдей құрметке ие болуы саясатын қолдаған жағдайда Тегеран Иракта конструктивті рөл атқара алады" деп мәлімдеген.

Нетаньяху бұған қоса былтыр қарашада АҚШ пен өзге әлемдік алты державаның Иранның ядролық бағдарламасын бәсеңсітуге қатысты уақытша келісім жасасуын "тарихи қателік" деп атады.
XS
SM
MD
LG