Accessibility links

Әлемдік футбол жарысында Бельгия Ресейді ұтты


Бельгия футболшысы Дивок Ориджидің (сол жақтан бірінші) Ресей құрамасы қақпасына гол соққан сәті. Рио-де-Жанейро, 22 маусым 2014 жыл.

Бельгия футболшысы Дивок Ориджидің (сол жақтан бірінші) Ресей құрамасы қақпасына гол соққан сәті. Рио-де-Жанейро, 22 маусым 2014 жыл.

Футболдан әлем чемпионатында Бельгия құрамасы Ресей командасын 1-0 есебімен ұтып, екінші айналымға шықты. Ресей құрамасы қақпасына жеңіс голын бельгиялық шабуылшы Дивок Ориджи ойынның 88-минутында салды.

Н тобындағы соңғы ойындар нәтижесі бойынша, алғашқы матчта Алжир құрамасын 2-1 есебімен ұтқан Бельгия қазір көш бастап тұр. Бірақ Оңтүстік Корея құрамасынан 4-2 есебімен басым түскен Алжир құрамасының келесі айналымға шығуға әлі мүмкіндігі бар. Оңтүстік Корея құрамасымен 1-1 есебімен тең түскен Ресей командасының да плей-офф кезеңіне шығуға мүмкіндігі бар.

Топтан қай командалардың келесі айналымға шығатыны тек 26 маусым күні Ресей-Алжир, Бельгия-Оңтүстік Корея құрамалары арасындағы ойындардан соң белгілі болмақ.

Бүгін топтық іріктеу кезеңінде Б тобында Нидерланды мен Чили құрамалары және Австралия мен Испания құрамалары кездеседі.

А тобында Бразилия мен Камерун, Хорватия мен Мексика құралары арасында ойын өтеді.
XS
SM
MD
LG