Accessibility links

Қытайда тасқыннан 26 адам өлді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Қытай билігі елдің оңтүстігінде бес күн бой толассыз жауған нөсер жауын тасқынға ұласып, 26 адам мерт болып, 3 адам жараланғаны туралы хабарлады. Табиғи апаттан 650 миллион АҚШ доллары көлемінде шығын келген.

Қытайдың азаматтық істер жөніндегі министрлігінің дерегінше, елдің тоғыз провинциясында болған су тасқынынан 337 мың адам эвакуацияланып, 115 мың адам гуманитарлық көмекке мұқтаждық тартып отыр. Құрбандардың көпшілігі Хунань, Цзянси және Фуцзянь провинцияларында қаза тапқан.

Тасқыннан 8 мың 700-ден астам үйді су басып, 66 мың үй-жай бүлінген.
XS
SM
MD
LG