Accessibility links

Джон Керри Бағдадқа барды


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри. Вашингтон, 17 маусым 2014 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри. Вашингтон, 17 маусым 2014 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри бүгін Ирак басшыларымен келіссөздер өткізу үшін Бағдадқа барды.

Өздерін сүннитпіз дейтін "Ирак және Левант ислам мемлекеті" деп аталатын ұйымның содырлары маусымның басында Сирия шекарасынан Ирактың солтүстік және батыс аймақтарына басып кіріп, бірнеше қаланы бақылауына алған.

Керри Ирак басшылығын барынша ашық үкімет құрғызуға тырысады деген болжам бар. Бірақ Вашингтон Керри Ирак премьер-министрі Нури әл-Маликиді отставкаға кетуге шақырмайтынын мәлімдеген.

22 маусым күні Каирге сапары кезінде сөйлеген Керри Вашингтонның "Бағдадта ирактықтардың барлығының мүддесін білдіре алатын билік орнағанын" қалайтынын мәлімдеген.

Ирак үкіметінде шииттер басым болғандықтан, сүнниттер өздерін маргиналданған топ сезінеді.
XS
SM
MD
LG