Accessibility links

Египетте "Әл-Жазираның" үш тілшісі сотталды


"Әл-Жазира" телеарнасының белгісі.

"Әл-Жазира" телеарнасының белгісі.

Каир соты Катардың "Әл-Жазира" телеарнасының үш тілшісін "ақпаратты бұрмалады" және тыйым салынған "Мұсылман бауырлар" қозғалысымен жұмыс істесті" деп айыптап, әрқайсысын жеті жылға соттады.

Австралиялық журналист Питер Гресте, тегі Египеттен шыққан канадалық Мухаммад Фадель Фахми мен продюсер Бахер Мухаммадпен бірге тағы он жеті адам сотталған.

Адам құқықтарын қорғау ұйымдары, оның ішінде Amnesty International ұйымы мен Нью-Йоркте орналасқан "Журналистерді қорғау комитеті" Египет билігін "Әл-Жазира" тілшілерін босатуға шақырған.

Катарда орналасқан "Әл-Жазира" телеарнасы айыптауларды "негізсіз және әділетсіз" деп атаған.

Өткен аптада Египет билігі "Әл-Жазира" телеарнасында істейтін тағы бір журналист Абдулла Эльшамиді қамаудан босатқан еді.
XS
SM
MD
LG