Accessibility links

Қазақтың түкті кілемі


Қызылорда облысы Сырдария ауданындағы Айдарлы ауылында кілем тоқу цехы жұмыс істейді. Жергілікті тұрғын Роза Әлбатырова қазақтың түкті кілемі сияқты көнеден келе жатқан қолөнер бұйымдары біржолата ұмыт болып қалмас үшін оларды тоқып, тігуді қайта жаңғыртып жатқандарын айтады. Кілем тоқу шебері Арманай Қалқабаеваның сөзінше, ауылдағылар ұлттық қолөнер бұйымын жасауға қажетті шикізат – қой жүнінен кенде емес. Бірақ сол жүннен жіп иіретін станок болса деп армандайды. Видео авторы – Оңғар Саймосаев.

XS
SM
MD
LG