Accessibility links

ОҚО-да он адам індет жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті


Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет)
Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет)
Оңтүстік Қазақстан облысында он адам конго-қырым қанды безгегі індетін жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті деп хабарлады Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметкері Нұрлан Темірбаевтың айтуынша, конго-қырым қанды безгегі індетінің белгілері әуелі Қазығұрт ауданы Ақбастау ауылында тұратын, 1982 жылы туған әйелдің ағзасынан табылған. 22 маусым күні науқастың жағдайы ауырлап, қан кеткен соң, туыстары жедел жәрдем шақырған. Тексеру кезінде оның қолынан конго-қырым қанды безгегін тарататын кене шаққанға ұқсас белгілер бары байқалып, жансақтау бөліміне жатқызылған.

Әйелмен бірге онымен бір үйде тұратын туыстары мен жедел жәрдем көлігімен науқасты қарауға барған дәрігерлер де індет жұққтыруы мүмкін деген күдікпен ауруханаға жатқызылған.
XS
SM
MD
LG