Accessibility links

Украинада сепаратистер атысты тоқтата тұруға келісті


Украинаның шығысындағы ресейшіл сепаратистер жетекшілері 27 маусымға дейін атысты уақытша тоқтата тұру туралы келісімді сақтайтындарын білдірді. Бұл жайында Ресей, Украина мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) өкілдерімен кездесуінде өзін өзі жариялаған "Донецк халық республикасы" премьер-министрі Александр Бородай мәлімдеді. Оның сөзінше, өзін өзі жариялаған "Луганск халық республикасы" сепаратистері де келісімді сақтауға келіскен.

Бородай бұған қоса сепаратистер өкілдері Украинадағы дағдарысты реттеуге араласатындарын да хабарлады. Бұдан бұрын сепаратистер 20 маусым күні Украина президенті Петр Порошенко жариялаған бітім жоспарын қабылдамай тастаған еді.

23 маусым күні Еуропа Одағының сыртқы істер министрлері егер Мәскеу Порошенконың бейбіт жоспарын қабылдамаса Ресейге қарсы санкцияларды күшейтетінін ескерткен.
XS
SM
MD
LG