Accessibility links

Бейрутта жанкешті жарылыс жасады


Ливан картасы.
Ливан картасы.
Ливан астанасы Бейрут қаласының оңтүстік бөлігіндегі бақылау-өткізу бекетінде жанкешті өзінің көлігін жарып жіберіп, қаза тапты. Түн ортасында болған жарылыстан бірнеше адам жараланып, жақын маңдағы кафе бүлінген.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жараланғандар арасында кафеге футболдан әлем чемпионатының матчын көруге жиналғандар да бар.

Бейруттың бұл бөлігінде негізінен "Хезболла" ұйымын қолдайтын "Амаль" тобының жақтастары - шиит мұсылмандары тұрады.

"Хезболла" ұйымы сүннит көтерілісшілер президент Башар Асадтың армиясына қарсы соғысып жатқан көршілес Сириядағы азаматтық соғысқа тікелей араласқан.
XS
SM
MD
LG