Accessibility links

Ауған сайлау комиссиясы басшысы отставкаға кетті


Ауғанстан тәуелсіз сайлау комиссиясы жетекшісі Зия-ул-Хак Амархаиль. Кабул, 23 маусым 2014 жыл.

Ауғанстан тәуелсіз сайлау комиссиясы жетекшісі Зия-ул-Хак Амархаиль. Кабул, 23 маусым 2014 жыл.

Ауғанстан тәуелсіз сайлау комиссиясының басшысы Зия-ул-Хак Амархаиль президент сайлауының екінші кезеңінде дауыс беру нәтижелерін бұрмалады деген айыптаулардан соң отставкаға кетті. Зия-ул-Хак Амархаиль қызметінен "мемлекет мүддесі үшін" кетіп жатқанын мәлімдеді.

14 маусым күні өткен сайлаудың екінші кезеңінде жеңістен басты үміткер саналатын Абдулла Абдулла дауыс беру нәтижесін бәсекелесі Ашраф Ганидің пайдасына бұрмалады деп сайлау комиссиясы басшысын айыптаған.

22 маусым күні Абдулла Абдулланың сайлау кампаниясы Зия-ул-Хак Амархаиль мен сайлау комиссиясының өзге мүшелері және Ашраф Ганидің өкілі сайлау нәтижесін бұрмалау туралы сөйлесті делінген аудио жазбасын жариялаған.

Wall Street Journal басылымына берген сұхбатында Амархаиль "сайлау нәтижесін бұрмалау туралы әңгіме болғанын есіне түсіре алмайтынын" айтқан. Абдулла сайлау комиссиясы шығарған кез-келген нәтижені мойындамайтынын айтып, дауыс беру нәтижесін шығаруға БҰҰ-ның араласуын сұраған.

Абдулла 23 маусым күні Кабулда "келіссөздер жүргізуге жол ашылғанын" айтып, сайлауға жариялаған байкотынан бас тартатынын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG