Accessibility links

Аляска маңында күшті жер сілкінісі болды


Аляска түбегінің картасы. (Көрнекі сурет)
Аляска түбегінің картасы. (Көрнекі сурет)
Тынық мұхитының солтүстік бөлігіндегі Аляска мен Камчатка түбегі арасындағы америкалық Алект аралдарында сейсенбіге қараған түні 7.9 магнитудалы жер сілкінісі болды деп хабарлайды АҚШ геологиялық қызметі.

Жер сілкінісіне байланысты әуелде цунами тұруы мүмкін деген ескерту жасалған. Бірақ кейін ондай қауіп сейілгені айтылды.

Табиғи қауіп-қатердің алдын-алу мақсатында халық қоныстанған аралдардың біріндегі жағалау маңындағы аудандардан тұрғындар уақытша басқа жаққа көшірілді. Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат жоқ.

Ресей ақпарат құралдарының хабарлауынша, жерасты дүмпулері зілзала ошағынан мың километрден астам қашықтықтағы Камчатка түбегінде де сезілген.
XS
SM
MD
LG