Accessibility links

Обама Путинді Украинада бейбітшілікті қолдауға шақырды


АҚШ президенті Барак Обама. Вашингтон, 20 маусым 2014 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама. Вашингтон, 20 маусым 2014 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама Ресей президенті Владимир Путинді Украинада бейбітшілік орнатуды қолдауға шақырып, егер Мәскеу бұл елдегі шиеленісті бәсеңсіту шараларын қабылдамаса "жаңа шығындарға" тап болуы мүмкін деп ескертті. Ақ үйдің баспасөз қызметі Обама бұл жайында Владимир Путинмен 23 маусым күні телефон арқылы сөйлескенінде айтты деп хабарлады.

Обама бұған қоса Путинді "шекара арқылы қару-жарақ пен әскери техниика өткізуді" тоқтатып, Кремльдің "сепаратистерді қолдауын" доғаруға шақырған.

АҚШ президенті егер "шиеленісті бәсеңсітуге бағытталған нақты іс-шаралар байқалмаса" Ресейдің қосымша санкцияларға тап болатынын да айтқан.

Ал Кремльдің хабарлауынша, Путин украин шенеуніктері мен ресейшіл сепаратистердің арасында тікелей келіссөздер жүргізу маңызды екенін айтқан.

Ресей мен АҚШ президенттері Украина дағдарысынан өзге Ирак пен Сириядағы жағдайды да талқылады делінген Кремль хабарламасында.
XS
SM
MD
LG