Accessibility links

Twitter: "Оңшыл сектор" аккаунтын бұғаулауға келіскен жоқпыз


Смартфон экранындағы Twitter мен Facebook желілерінің белгілері. (Көрнекі сурет)

Смартфон экранындағы Twitter мен Facebook желілерінің белгілері. (Көрнекі сурет)

Twitter компаниясы ресейлік ақпарат құралдарының Ресей территориясында тыйым салынған блогтарды бұғаулау туралы келісім жасалғаны жөніндегі ақпаратын жоққа шығарды.

23 маусым күні "Интерфакс" агенттігі "Роскомнадзор" агенттігі Twitter компаниясымен Ресейде экстремистік деп танылған украиналық "Оңшыл сектор" ұйымының жаңа аккаунттарын алдағы күндері жоюға келіскені туралы хабарлаған еді. Ресей бас прокуратурасы радикалды топтарға жатқызған ондаған аккануттарды жоюды талап еткен.

Twitter өкілі компания аккаунттарды жою туралы келісім жасалмағанын айтып, ресейлік БАҚ-тың ақпаратын жоққа шығарды.

Бұдан бір ай бұрын "Роскомнадзор" басшысы орынбасары Максим Ксензов ведомство Twitter мен Facebook әлеуметтік желілерін бірнеше минутта бұғаулап тастай алатынын мәлімдеген еді. Бірақ Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев әлеуметтік желілерді бұғаулау туралы айтқан шенеуніктерге "ара-тұра миларын жұмыс істетуге" кеңес беріп, ондай мәлімдемелер жасамауға шақырған.
XS
SM
MD
LG