Accessibility links

Украинада бітім шарты бұзылды


Красный Лиман қаласы түбіндегі ресейшіл сепаратистер. Донецк облысы, 19 маусым 2014 жыл.

Красный Лиман қаласы түбіндегі ресейшіл сепаратистер. Донецк облысы, 19 маусым 2014 жыл.

Украинаның шығысында үкімет әскері мен ресейшіл сепаратистер бітім шартын бұзды деп бірін-бірі айыптап жатыр. Атысты тоқтату туралы бітімді 20 маусымда президент Петр Порошенко жариялап, 23 маусымда оны сепаратистердің басшылары қолдаған.

Украин әскерилерінің позицияларының үздіксіз атқылауға ұшырап жатқаны туралы антитеррористік операция баспасөз қызметінің жетекшісі Владислав Селезнев хабарлаған. Оның айтуынша, өткен тәулікте Донецк облысының Красный Лиман және Славянск қалаларына баратын жолдар түйісетін тұста әскерилердің блокпосты бірнеше рет атқыланған.

Сепаратистер блокпостты гранатомет және минометтен атқылаған. Луганск облысында да сепаратистер украин әскернің блокпостын атқылаған. Атыстан ешкім қаза таппаған.

Бірақ Луганск облысындағы сепаратистер штабы Украина армиясы Приворлье селосын артиллериядан атқылап жатыр деп хабарлады.

ИТАР-ТАСС агенттігінің хабарлауынша, 24 маусымға қараған түні Славянск ауданында автомат пен ауыр атыс құралынан атқан дыбыстар естілген.

XS
SM
MD
LG