Accessibility links

Джон Керри Ирактың Күрд автономиялы аймағына барды


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (сол жақта) Күрд автономиялық ауданының президенті Масуд Барзанимен кездесу кезінде. Ирбил, Ирак, 24 маусым 2014 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (сол жақта) Күрд автономиялық ауданының президенті Масуд Барзанимен кездесу кезінде. Ирбил, Ирак, 24 маусым 2014 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Ирактың Күрд автономиялық ауданына қарайтын Ирбил қаласына барды. Мұнда ол жергілікті саясаткерлермен кездесіп, Ирактағы саяси жағдайды талқыламақ.

АҚШ мемлекеттік департаментіндегі дереккөздеріне сілтеме жасаған Reuters агенттігінің хабарлауынша, Керри Күрд автономиялық ауданы президенті Масуд Барзанимен кездесуінде күрд басшылығын Ирак парламентін реформалауға барынша белсене араласуға шақырмақ.

Ирактың қазіргі үкіметі негізінен шииттерден құралған. Бұл елдегі сүннит мұсылмандарының наразылығын күшейтіп отыр.

23 маусым күні Керри Бағдадта Ирак премьер-министрі Нури-әл-Маликимен келіссөздер өткізген. Кездесуде өздерін сүннит санайтын содырлардың Ирактың солтүстік-батысындағы бірнеше қаланы басып алып, Бағдадқа қарай бет алуымен байланысты мәселелер талқыланған.

Келіссөздерден соң Керри Нури-әл-Малики 1 шілдеге қарай Ирактың жаңа үкіметін жасақтайтынын білдірді деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG