Accessibility links

Пәкістанда жолаушылар ұшағы атқыланды


Содырлар жолаушылар ұшағына оқ жаудырған Bacha Khan International Airport әуежайы. Пешавар, 24 маусым 2014 жыл.

Содырлар жолаушылар ұшағына оқ жаудырған Bacha Khan International Airport әуежайы. Пешавар, 24 маусым 2014 жыл.

Пәкістан полициясы Пешаварда 24 маусым күні Pakistan International Airlines әуе компаниясының ұшағын әуежайға қонар кезде содырлар атқылағаны туралы хабарлады. Төтенше оқиғадан бір адам қаза тауып, екі адам жараланған.

Бортында 178 адамы бар ұшақ Пешаварға Сауд Арабиясынан ұшып келген. Атыс салдарынан үш адам - екі стюардесса мен бір жолаушы жараланған. Жолаушы ауруханаға барар жолда көз жұмған. Пешавар әуежайын полиция қоршауға алған.

Осы айдың басында содырлар Карачи әуежайына екі рет шабуыл жасаған еді.

XS
SM
MD
LG