Accessibility links

АҚШ әскери кеңесшілерінің алғашқы тобы Иракқа барды


АҚШ қорғаныс министрлігі өкілі, вице-адмирал Джон Кирби.

АҚШ қорғаныс министрлігі өкілі, вице-адмирал Джон Кирби.

АҚШ-тың Иракқа жіберетін 300 әскери кеңесшілерінің алғашқы тобы Бағдадқа барды деп хабарлады АҚШ қорғаныс министрлігі өкілі, вице-адмирал Джон Кирби. Әскерилер Ирак билігіне содырлармен күресте көмек көрсетуге жіберілген.

Оның айтуынша, алғашқы топ бұған дейін Таяу Шығыста қызмет еткен 90 әскериден тұрады. Олар АҚШ елшілігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Бағдадқа орналастырылған америкалық 40 әскериге қосылады.

Пентагон өкілі бұған қоса Иракқа жаңа барған әскерилердің міндеті - Ирак қауіпсіздік күштерінің дайындығы мен жұмыс істеу реттілігін зерттеу және болашақта америкалық кеңесшілерді пайдаланудың барынша тиімді жолдарын табу екенін айтты.

АҚШ президенті Барак Обама "Ирак және Шам ислам мемлекеті" ұйымы содырларының шабуылына ұшыраған Иракқа америкалық үш жүз әскериді жіберу туралы шешімді өткен аптада қабылдаған. Бірақ Обама америкалық әскерилердің Иракта әскери қимылдарға араласпайтынын айтқан. Дегенмен, ол АҚШ Иракта барлау қызметін күшейтіп, қажет болса содырларға қарсы нақты және дәл соққылар беруге дайын болатынын жоққа шығармаған.

XS
SM
MD
LG