Accessibility links

СІМ: Ұлыбритания Қазақстан әскеріне көмек береді


Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов.
Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов.

Ұлыбритания Қазақстан қарулы күштеріне 2 миллион фунт стерлинг көлемінде қосымша әскери көмек береді деп хабарлады бүгін парламент мәжілісінде елдің сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов. Оның айтуынша, көмек Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Ауғанстанды тұрақтандыру және қалпына келтіру қызметіне қатысуына байланысты Қазақстан территориясы арқылы жүктерді тасымалдау туралы келісім аясында берілмек.

"Ол келісімде тараптардың әскери-техникалық көмек көрсетуі жайлы уағдаластық бар. Бұл туралы толығырақ әскерилеріміз біледі. Келісімге сай, бізге жай-күйі жақсы техникалар қайтарымсыз беріледі. Келісім жасарда біз өз мүдделерімізді ескердік" деді Ыдырысов.

Мәжіліс пленарлық отырысында келісімді ратификациялады.

XS
SM
MD
LG