Accessibility links

Бішкекте сотталған белсендінің сурет көрмесі ашылды


Қырғызстандық құқық қорғаушы Азимжан Асқаров.

Қырғызстандық құқық қорғаушы Азимжан Асқаров.

Бішкекте түрмеде жазасын өтеп жатқан құқық қорғаушы Азимжан Асқаровтың екі күндік сурет көрмесі ашылды. Freedom House ұйымының қырғызстандық бөлімінің басшысы Аскат Дүкенбаевтың айтуынша, "Түрмеге дейін және түрмеден кейін" деп аталатын экспозиция 26 маусымда атап өтілетін Халықаралық азаптау құрбандарын еске алу күніне арналған.

Ұлты өзбек, Қырғызстан азаматы Азимжан Асқаров - "Воздух" құқық қорғау ұйымының жетекшісі. Ол 2010 жылғы қырғыздар мен этникалық өзбектер арасындағы қақтығыстарға және сол қақтығыстар кезіндегі "полицейдің өліміне қатысы бар" деген айыппен өмір бойы түрме жазасына кесілген.

Қақтығыстардан 450-ден астам адам, негізінен этникалық өзбектер құрбан болған. Асқаров өзіне тағылған айыпты мойындамайды және үкімді өзінің құқық қорғаушылық қызметін "жазалау әрекеті" деп бағалайды.

XS
SM
MD
LG