Accessibility links

Нигериядағы жарылыс 21 адамның өмірін қиды


Абуджа қаласында болған жарылыс орнынан сурет. Нигерия, 25 маусым 2014 жыл.

Абуджа қаласында болған жарылыс орнынан сурет. Нигерия, 25 маусым 2014 жыл.

Нигерия астанасы Абуджа қаласының орталығында 25 маусым күні болған жарылыстан 21 адам қаза тауып, 17 адам жараланған.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жанкешті қаладағы танымал Banex Plaza сауда орталығына көлігін айдап әкеліп жарған. Жарылыстан соң оқиға орнына бірден әскерилер барған.

Жарылысты әзірге ешкім мойнына алған жоқ. Бірақ Нигерияда, оның ішінде Абуджада болған соңғы ірі жарылыстарды исламшыл "Боко Харам" тобы жасаған. Ұйым мойнына алған Абуджадағы сәуір айында болған соңғы екі жарылыстан 120 адам мерт болған.

XS
SM
MD
LG