Accessibility links

Франция мен Швейцария футболшылары 1/8 финалға шықты


Франция мен Эквадор футболшылары матч кезінде. Рио-де-Жанейро, 25 маусым 2014 жыл.

Франция мен Эквадор футболшылары матч кезінде. Рио-де-Жанейро, 25 маусым 2014 жыл.

Футболдан әлем чемпионатының топтық іріктеу кезеңінде Е тобында Франция мен Швейцария құрамалары 1/8 финалға шықты. 25 маусым күні өткен Франция-Эквадор құрамаларының ойынында есеп ашылған жоқ. Дегенмен Франция құрамасы топта алдыңғы орынға шықты. Гондурас футболшыларымен ойнаған Швейцария құрамасы 3-0 есебімен жеңіске жетіп, Е тобынан екінші болып келесі айналымға өтті.

Швейцария енді F тобын бастаған Аргентина құрамасымен, Франция футболшылары осы топтан екінші орын алған Нигерия құрамасымен ойнайды.

Ғ тобындағы соңғы ойында Аргентина командасы Нигерия құрамасын 3-2 есебімен ұтқан. Нигерия топтан екінші орын алып, Африка құрлығынан алғаш болып чемпионаттың келесі айналымына шыққан.

25 маусым күні F тобында Босния-Герцеговина футболшылары Иран құрамасымен кездесіп, 3-1 есебімен ұтты.

XS
SM
MD
LG