Accessibility links

Нигериядағы жарылыстан 21 адам мерт болды


25 маусым күні кешке Нигерия астанасы Абуджа қаласындағы болған жарылыстан кемінде 21 адам қаза тауып, 17 адам жараланған. Жарылысты әзірге ешкім мойнына алған жоқ. Шамамен сол уақытта Адамава қаласында да бомба жарылған, бірақ ешкім зардап шекпеген. Нигерияда террорлық шабуылдар жиі болып тұрады. Абуджада болған соңғы ірі жарылыстарды исламшыл «Боко Харам» тобы жасаған. Елдің солтүстігінде халифат құруды көксейтін бұл ұйым мойнына алған Абуджадағы сәуір айында болған соңғы екі жарылыстан 120 адам мерт болған.

XS
SM
MD
LG