Accessibility links

Ирак премьері: Сирия содырларға әуеден соққы жасады


Ирак премьер-министрі Нури әл-Малики. Бағдад, 23 маусым 2014 жыл.
Ирак премьер-министрі Нури әл-Малики. Бағдад, 23 маусым 2014 жыл.

Ирак премьер-министрі Нури әл-Малики Сирия осы аптада Ирак территориясында осы елдің солтүстік-батыс бөлігіне басып кірген "Ирак және Шам ислам мемлекеті" ұйымы жасағына әуеден соққы жасағанын хабарлады.

BBC-дің 26 мамырда хабарлауынша, әл-Малики сириялық жойғыш ұшақтар 24 маусымда Ирактың Сириямен шекаралас Әл-Каим қаласындағы содырлар позициясын бомбалағанын растаған.

Бірақ Сирия мемлекеттік ақпарат құралдары Ирак территориясына әуеден соққы берілгенін жоққа шығарды.

Нури әл-Маликидің айтуынша, Бағдад әуе соққысын жасау туралы сұрамағанымен, "Ирак және Шам ислам мемлекеті" ұйымы бекінген нысандарды бомбалауды құптайды.

"Әл-Қаидадан" бөлініп кеткен бұл ұйым маусымның басында Ирактың солтүстігі мен батысында бірнеше қаланы басып алып, бақылауында ұстап тұр.

26 маусымда Парижде АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Ирактағы жағдайды талқылау үшін Израиль, Сауд Арабиясы және Иордания билігінің өкілдерімен кездеседі.

XS
SM
MD
LG