Accessibility links

Ресей ТМД азаматтарының елге кіру тәртібін күшейтпек


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Ресей сыртқы істер министрлігінің ақпараты бойынша, бұрынғы советтік республикалардан келетін азаматтардың елге кіру тәртібі күшейтілді. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап ТМД-ның Кеден Одағы (КО) мен Еуразия Экономикалық Одағына (ЕЭО) кіретін елдерден өзге мемлекеттерінің тұрғындары Ресейге бұрынғыдай жеке басын куәландыратын құжат пен ішкі құжаты арқылы кіре алмайды. Ресейге енді олар халықаралық төлқұжат арқылы кіргізілмек.

Ресей, Қазақстан және Беларусь президенттері Кеден Одағының аясында Еуразия Экономикалық Одағын құру туралы құжатқа 29 мамырда Астанада қол қойған. Құжат 2015 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енеді.

Мәскеу Кеден одағы мен Еуразия Экономикалық Одағына бұрынғы совет республикаларын тартқысы келеді.

XS
SM
MD
LG