Accessibility links

Ирак әскері Тикритті қайтарып алу үшін шабуылға шықты


"Ирак және Шам ислам мемлекеті" ұйымының содырлары Тикрит көшелерінде жүр. Ирак, 11 маусым 2014 жыл.
"Ирак және Шам ислам мемлекеті" ұйымының содырлары Тикрит көшелерінде жүр. Ирак, 11 маусым 2014 жыл.

Ирак үкіметінің әскері "Ирак және Шам ислам мемлекеті" ұйымының содырлары маусымның басында басып алған Тикрит қаласын қайтарып алу үшін шабуылға шықты.

Куәгерлердің айтуынша, Тикритте ұрыс жүріп жатыр. Шабуыл бастар алдында жергілікті стадион территориясына тікұшақтармен жасақтар түсірілген. Кейбір ақпараттар бойынша, бір тікұшақты содырлар атып түсірген.

Ирак премьер-министрі Нури әл-Малики Бағдатта Ұлыбритания сыртқы істер министрі Уильям Хагпен кездесіп, осы кездесуде содырларды жеңу үшін әскери қимылдардан өзге, саяси шаралар да қажет екенін айтқан.

Халықаралық қауымдастық Маликиге сүннит содырларға сырттан келетін көмек жолын жабу үшін барлық этникалық топтар мен дін өкілдерінен жасақталған үкімет құруға қысым жасап жатыр.

Ирак президентінің аппараты "осыдан екі ай бұрын сайланған жаңа парламент 1 шілде күні отырыс өткізіп, жаңа үкімет жасақтай бастайды" деп хабарлады.

XS
SM
MD
LG