Accessibility links

Обама Сирия оппозициясына әскери көмекті көбейтуді ұсынды


АҚШ президенті Барак Обама. Вашингтон, 19 маусым 2014 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама. Вашингтон, 19 маусым 2014 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама Конгресске Сирияның оппозициялық күштерін дайындауға және оларға қару-жарақ жеткізуге 500 миллион АҚШ долларын бөлу туралы сұрау жолдады.

АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Кэйтлин Хэйденнің мәлімдеуінше, егер сұралған сома бөлінетін болса, Вашингтонға Сирияның қалыпты оппозициясына қолдауын жалғастыра беруге мүмкіндік туады. Оның сөзіне қарағанда, әскери көмек оппозицияның тексеруден өткен, президент Башар Асад билігімен соғысып жатқан топтарына беріледі.

Кэйтлин Хэйден бұған қоса АҚШ әлі де Сириядағы қақтығыстарды әскери жолмен реттеу мүмкін емес деген ұстанымында қалатынын және Сирияда өзінің құрлықтағы әскерін пайдаланбайтынын айтты.

Конгрессмендердің президенттің ұсынысына қатысты не дейтіні әзірге белгісіз. Бірақ бұған дейін АҚШ-тың Сирия оппозициясына беретін қару-жарағы Вашингтонның жауларының қолына түсуі мүмкін деген алаңдаушылық білдірген.

XS
SM
MD
LG