Accessibility links

Уимблдон: Қазақстандық үш теннисші үшінші кезеңге шықты


Қазақстандық теннисші Зарина Дияс.

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс.

20 жастағы әлемнің 70-ракеткасы саналатын қазақ теннисшісі Зарина Дияс екінші кезеңде испандық Карло Суарес Наварроны 7:6, 5:7 және 6:2 есебімен ұтты. Суарес Наварро – әлемнің 15-ракеткасы.

Зарина Дияс осыған дейін Австралия ашық чемпионатының үшінші кезеңіне дейін жеткен еді. Ол үшінші кезеңде ресейлік Вера Звоноревамен кездеседі.

Тағы бір қазақстандық, әлемнің 65-ракеткасы Ярослава Шведова екінші кезеңде эстониялық Кайя Канепиді жеңді, есеп - 6:3, 6:7 және 6:2. Шведова үшінші айналымда Мадисон Кейспен (АҚШ) ойнайды.

Ерлер арасында қазақстандық, әлемнің 53-ракеткасы Михаил Кукушкин де үшінші кезеңге өтті. Ол екінші кезеңде канадалық Фрэнк Данцевичті 6:3, 6:2, 6:3 есебімен жеңді.

Уимблдон – әлемдегі Grand Slam (Үлкен шлем) сериясына кіретін ең ірі төрт теннис турнирлерінің бірі. Лондонда өтетін жарыстың жүлде қоры 25 миллион фунт стерлингті құрайды. Теннис турнирі 6-шілдеде аяқталады.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG