Accessibility links

Украинада ұрланған ЕҚЫҰ өкілдері босатылды


ЕҚЫҰ-ның Киевтегі өкілі Марк Этерингтон. Киев, сәуір 2014 жыл.

ЕҚЫҰ-ның Киевтегі өкілі Марк Этерингтон. Киев, сәуір 2014 жыл.

Украина шығысында мамыр айында ресейшіл сепаратистер ұрлап әкеткен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) төрт бақылаушысы босатылды.

Донецкідегі сепаратистердің жетекшісі Алексендр Бородай бақылаушылар Донецк қаласына қонақүйге жеткізілгенін айтады. Оның сөзінше, бақылаушыларды көршілес Луганск облысындағы сепаратистер ұстаған.

ЕҚЫҰ-ның Киевтегі өкілі Марк Этерингтон да ұйым бақылаушыларының босатылғаны растады. Бақылаушылар қамауда 31 күн болған. Этерингтон әлі қамауда отырған тағы төрт бақылаушының тағдырына алаңдаушылық білдірді.

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, босатылған бақылаушылар - Швейцария, Түркия, Эстония және Дания азаматтарының өңдерінен қажығаны байқалған және Донецкіде олар журналистермен тілдесуден бас тартқан.

XS
SM
MD
LG